Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 366.43 EUR 420.11
RUB 5.58 CNY 52.87
Жаңалықтар

СҚО-да қылмыстық істі бұрмалаған полицейлер жазаға тартылды

2018 жылғы 11 тамыз 15:49 582
Бөлісіңіз:
СҚО-да қылмыстық істі бұрмалаған полицейлер жазаға тартылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті есірткі бизнесіне қарсы күрес саласындағы қылмыстық істерді бұрмалаған полицейлерге қатысты шара қолданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Парасатты полицей» байқауында Солтүстік Қазақстан командасы үздік атанды Қасымов полицейлер ескі статистиканың «тұтқынынан» қалай босағанын айтып берді

Ведомство баспасөз қызметінің хабарлауынша, департаменттің жеке қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеріс жүргізіп, есірткі саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі облыстық және қалалық бөлімше қызметкерлері нәтиже қуу мақсатында қылмыстық істерді бұрмалағанын анықтады.

Материалдар тәртіп комиссиясының отырысында қаралды.

«СҚО ІІД бастығы Берік Біләловтің бұйрығымен екі қызметкер ішкі істер органдарынан жұмыстан қуылды. Екі жедел уәкілге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жеке қауіпсіздік басқармасы іс бойынша тексеріс жүргізіп, сотқа жіберді. Облыстық және қалалық бөлімше бастықтарына қатысты қатаң шаралар қолданылды: олар лауазымынан босатылды», - дейді баспасөз қызметінің өкілдері.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қылмыспен күрес,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат