СҚО-да қылмыстардың басым бөлігін жұмыссыздар жасайды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы прокуратура алқасының отырысында адам өлтіру қылмысының арту себебі талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қадағалау органы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, аймақтағы жалпы қылмыс деңгейінің төмендеген. Ауыр және аса ауыр қылмыстардың, соның ішінде адам өлтіру көрсеткіші 22%-ды құраған.

«Қылмыстардың басым бөлігі түнгі уақытта, тұрмыстық жанжал кезінде жасалады. Оны мас күйдегі жұмыссыз тұлғалар жасайды. Адам өлтіргені үшін жауапқа тартылған әрбір екінші сотталушыға қосымша жазалау шарасы ретінде маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емдеу тағайындалады», - деп атап өтті баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, прокурорлар халықты жұмыспен қамтамасыз ету, пробация қызметі жұмысының тиімділігін арттыру мәселелері және адам өлтіру фактілері бойынша қылмыстық істі тергеу сапасына басты назар аударды.

Алқада прокурорларға, жергілікті атқарушы органдарға және ішкі істер органдарына қылмыстарды алдын алуға бағытталған қосымша шаралар жасау тапсырылды. 

Соңғы жаңалықтар