USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

СҚО-да қылқан жапырақты ағаштарды браконьерлерден қорғау үшін 100 мобильді топ құрылды

2021 жылғы 3 желтоқсан 12:33
Бөлісіңіз:
СҚО-да қылқан жапырақты ағаштарды браконьерлерден қорғау үшін 100 мобильді топ құрылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қылқан жапырақты ағаштарды браконьерлерден қорғау үшін рейдтер басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасы талқыланды СҚО-ның денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды ШҚО-да соңғы алты күнде 138 қылмыс тіркелді

Жаңа жыл – көпшіліктің асыға күтетін мейрамдарының бірі. СҚО-да отбасылық мейрамға дайындық басталып кетті. Сауда және ойын-сауық орталықтары безендіріліп жатыр. Бұл уақытта мерекенiң басты нышаны - шыршаға сұраныс артады. Елімізде қылқан жапырақты ағаштарды кесуге тыйым салынған. СҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, орманшылар шыршаларды әкімдіктердің өтініші бойынша бұқаралық мәдени іс-шараларды өткізуге ғана береді. Еркін сатылымда жоқ. Осыған байланысты басқарма ормандарда күзетті күшейтті.

«Орманшылардан 100 мобильді топ құрылды. Мемлекеттік орман қорының аумағында 19 стационарлық бекет қойылды. Бағыттар белгіленіп, кезекшілік кестесі жасалды. 1 желтоқсаннан бастап орманшылар полицейлермен бірге рейдтерге шығып жатыр. Олар тұрғындар және заңды тұлғалар сатып алған шыршаның құжаттарын тексереді», - дейді СҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім бастығы Василий Лабанчук.

Қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кескенi үшiн жауапкершiлiк күшейтiлдi. Мемлекеттiк орман қоры аумағында 1 шыршаны кескені немесе бүлдiргенi үшiн кемiнде 15 АЕК, яғни 43755 теңге мөлшерiнде айыппұл қарастырылған. Егер ағаш ерекше қорғалатын табиғи аумақта кесiлген болса, онда келтірген залал үшін 25 АЕК - 72932 теңге айыппұл салынады.

«Егер де орман қорына кiретiн ағаштар мен бұталарды кескеннен 100 АЕК мөлшеріне дейін залал келтірілсе, заңсыз кесiлген ағаштар мен бұталар, көлiк құралдары және құқық бұзушының өзге де заттары тәркіленеді. Сондай-ақ жеке тұлғаларға 100 АЕК мөлшерiнде айыппұл салынады», - дейді Василий Лабанчук.

СҚО-да бірнеше жыл қатарынан Ресейден әкелінген шыршалар сатылып келеді. Тек сатушының өнімнің импорттық екенін растайтын құжаттары болуы тиіс.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT