СҚО-да квазимемлекеттік секторға жемқорлыққа қарсы халықаралық стандартты енгізу жоспарланған

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өкілдері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет семинар-кеңес ұйымдастырды, негізгі тақырып – алдағы жұмыс жоспарлары, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, семинар-кеңеске қызметкерлерінің саны 400-ден асатын өңірдегі ірі кәсіпорындардың басшылары мен комплеанс офицерлері қатысты. Көптің талқысына түскен мәселе - квазимемлекеттік секторға ISO: 37001 халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын енгізу. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі алдағы жұмыс жоспарлары қаралды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті жетекшісінің бірінші орынбасары Нұрлан Жахиннің айтуынша, өткізілетін іс-шаралардың сандық көрсеткішінен оның сапалы орындалуына көшу қарастырылған. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оларды ұйымдастыруда толық әдістемелік қолдау көрсетеді.

Қазіргі уақытта комплаенс-қызмет СҚО-ның квазимемлекеттік секторының 61 ұйымына енгізілді.

Кеңеске «Protecting Business and Investments» жобасына қатысатын бизнес өкілдері қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстың нәтижелерімен бөлісті.


Соңғы жаңалықтар