+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

СҚО-да күзде 500-ден астам адам әскер қатарына шақырылады

2020 жылғы 16 қыркүйек 14:36
Бөлісіңіз:
СҚО-да күзде 500-ден астам адам әскер қатарына шақырылады

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында күзгі әскерге шақыру науқаны аясында 31 жігіт ертең Шығыс Қазақстан облысына, ҚР ҰҚК шекара қызметіне борышын өтеуге аттанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да бір тәулікте 14 мас жүргізуші ұсталды Атырауда 700-ге жуық жас әскерге шақырылады Қорғаныс министрлігі оқу орындарының курсанттары ант қабылдады

Биыл күзде СҚО-дан әскер қатарына 500-ден астам адам аттануы тиіс. Қазір аудандық, облыстық комиссиялар жұмыс істеп, болашақ сарбаздарды іріктеп жатыр. Алғашқы топ – 31 адам ертең Шығыс Қазақстан облысына, Күршімге аттанады. Олар бүгін психологиялық тест тапсырды. Сондай-ақ жаңа талап бойынша әрқайсысы міндетті түрде ПЦР сараптамадан өтіп, коронавирус инфекциясына тексерілді.

«ҚР Бас санитария дәрігерінің қаулысына сәйкес, әскер қатарына алынушылар коронавирус инфекциясына тексеріледі. Яғни аудандық, облыстық комиссиялардан өткен әскерге шақырылушы пойызға отырардан екі тәулік бұрын ПЦР зерттеуден өтеді. Инфекция табылмаған жағдайда жолға шығады. Ал әскери бөлімге жеткеннен кейін екі апта карантинде отырып, қайта сараптама тапсырады», - дейді СҚО Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары – жабдықтау басқармасының бастығы Марат Каримов.

Көктемде өңірден 495 жігіт әскерге шақырылды. Биылғы іріктеуде Отан алдындағы борышын өтеуден жалтарғандар болмаған.

Департамент бастығының орынбасары Марат Каримовтың айтуынша, жастар әскерге барудың қажеттігін түсінген. Оларға жұмысқа орналасуда жеңілдіктер бар, сондай-ақ келісімшарт бойынша әскери қызметті жалғастыруға болады.

Солтүстікқазақстандық болашақ сарбаздар биыл жыл соңына дейін Қарулы күштер, ҰҚК шекара қызметі мен Ұлттық Ұланда әскер қатарын толықтырмақ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT