+7 (701) 759 90 19
USD 447.60 EUR 489.41
RUB 5.71 CNY 63.05
Jańalyqtar

СҚО-да құтқарушылар суға батқан балықшыны аман алып қалды

2019 жылғы 26 қыркүйек 23:40
Бөлісіңіз:
СҚО-да құтқарушылар суға батқан балықшыны аман алып қалды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлдың маңындағы Пестрое көліне балық аулауға шыққан балықшының қайығы аударылып, суға батып кете жаздады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да полиция балықшы мен оның 14 жастағы ұлын құтқарды Қопа көлінде мұз астына түсіп кеткен балықшы құтқарылды Арал теңізінде жоғалған екі балықшының бірінің денесі табылды

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Петропавл қаласының 36 жастағы тұрғыны таң сәріден Пестрое көліне балық аулауға шыққан. Алайда резеңке қайығы аударылып кетіп, балықшы суға құлаған. Оның көмек сұрап шақырған даусын сол маңда кезекшілікте жүрген құтқарушылар естиді. Бірден көмекке жеткен олар ер адамды судан алып шығып, аман алып қалды.

Балықшы құтқару жилетінсіз қайыққа отырған. Қатты тоңған оған медициналық көмектің қажеті болмады. Жарты сағатта есін жиып, жылынған балықшы құтқарушыларға алғысын жаудырып, үйіне кетті.

Жыл басынан төтенше жағдайлар департаментінің мамандары 25 адамды құтқарса, оның 17-сі балалар. 25 адам қаза тапса, олардың үшеуі балық аулау кезінде мерт болған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT