СҚО-да құтқарушылар мұзға шығудың қауіпті екенін ескертті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында құтқарушылар аймақ тұрғындарына мұзға шығу кезінде абай болуды ескертеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әсіресе мереке күндеріне ескерту жасайды. Құтқарушылар тұрақсыз ауа температурасынан облыстың су қоймаларында пайда болған мұздың қалыңдығына қарамастан, ол жарылғыш болып келетінін атап өтті.

Олар облыс тұрғындарына мұзға, автокөлікпен мұз бетіне шықпауға кеңес береді. Оның қауіпті екенін, су қоймаларының жағаларында балаларды ата-аналарының және үлкендердің қарауынсыз қалдырмауын, мұз бетінде ойнауға тыйым салынатынын ескертеді. Кәсіби балықшылар мен әуесқойларға құтқару құралдарынсыз мұзға шықпағаны жөн.

Баспасөз қызметінде қараша айында облыстың су қоймаларында мұз жарылып, 4 балықшы батып кеткенін айтып өтті.

«2018 жылы 4 автокөлік мұзға түсіп кеткен болатын. Құтқарушылардың міндеттеріне автокөліктерді су қоймаларынан шығарып алу кірмейді», - делінген баспасөз қызметінде.

Соңғы жаңалықтар