СҚО-да құтқарушылар көктемгі су тасқынымен «күресті»

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мамандардың айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысына наурыз айының соңында сәуір айының басында үлкен  су келеді.

Сондықтан 9 наурызда Петропавл қаласында «Көктем-2017» республикалық командалық-штабтық оқулар аясында төтенше жағдайдың алдын алу бойынша арнайы оқу-жаттығулар өтті.

Оқу-жаттығулар үшін Петропавлдың Подгора ауданындағы бөгет таңдап алынды. Себебі оның маңында Есіл өзені ағады. Жыл сайын су тасыған кезде жергілікті тұрғындар біраз әбігерге түседі.

Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес, бөгет арқылы су тасып, жеке секторға залал келтірілді. Тұрғындар жедел түрде көшірілді. Подгора ауданында шамамен мың жарымдай адам тұрады.

Кедергі қоршаулар нығайтылуда. Бұл мақсаттар үшін екі КамАЗ инертті материалдар әкелінді. Барлығы миллион тоннадам астамы әзірленген.

Мұнда Ұлттық гвардияның сарбаздары кедергі қоршауларды нығайтуда. Сонымен қатар өрт сөндірушілер саналған минуттар ішінде өртті тоқтатты. Ал суда жедел құтқару жасағының қызметкерлері суға батып кете жаздаған ер адамға көмек көрсетуде.

Көтемгі су тасқынына қарсы дайындық пен өзге төтенше жағдайлардың болғанын СҚО әкімінің орынбасары, облыстық көктемгі су тасқынына қарсы штабтың жетекшісі  Антон Федяев байқады.

Мүмкін болатын көтемгі су тасқынына қарсы 3 мыңдай құтқарушы мен 600-ден астам техника жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар