СҚО-да құтқарушылар қатты боран соғатынын ескертті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында 15-16 қаңтар күндері ауа райы бұзылып, қатты боран болады деп ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, алдағы демалыс күндері қалың қар жауып, желдің екпіні 28 м/с дейін жетеді, соның салдарынан бұрқасын мен қатты боран болмақ.

Автожолдарда көру шектеледі. Сондай-ақ, синоптиктердің болжамынша, бұл күндері сынап бағанасы -2 градусқа дейін жоғарылап, оның соңы көктайғаққа әкелмек.

Осыған байланысты құтқарушылар тұрғындарға қауіпсіздік шараларын еске салды.

«Автокөлік иелеріне бұл күндері алыс жолға шықпауға, мүмкіндігінше үйде болуға кеңес береміз. Жолға шыққан жағдайда, көлікте күрек, арқан, жылы киім және жанар-жағармай қоры болуы қажет. Өздеріңізбен бірге кішкентай балаларды, қарт кісілерді алмаңыздар, смс-хабарламаларды, 112 қызметінің және Darmen қосымшасының ескертулерін елеусіз қалдырмаңыздар. Darmen мобильді қосымшасына ақпарат бірден түседі, ал ұялы байланыс операторлары СМС-хабарламаларды кезек тәртібімен жібереді, бұл 2 сағатқа дейін уақыт алуы мүмкін. Ал төтенше жағдайда 112 телефонына қоңырау шалуға болады», - дейді СҚО Төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайларды жою бөлімінің мамандары.


Соңғы жаңалықтар