+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

СҚО-да құс тұмауына байланысты 8 мыңға жуық құсқа вакцина салынды

2021 жылғы 23 маусым 10:24
Бөлісіңіз:
СҚО-да құс тұмауына байланысты 8 мыңға жуық құсқа вакцина салынды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында жабайы құстардан құс тұмауы анықталып, ауру таралмауы үшін алдын алу жұмысы атқарылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

6 маусым күні Айыртау ауданындағы Саумалкөл көлінің жағасынан 102 дала үйрегі мен 2 шағаланың өлексесі табылды .

СҚО ветеринария басқармасының мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласындағы ветеринария бойынша референт орталығы құстардың құс тұмауынан өлгенін анықтаған.

«Құс өлекселері жинап алынып, өртелді. Эпизоотикалық жағдайды бақылауда ұстау үшін ветеринарлық қызмет пен қалған тиісті органдар су қоймаларына күнделікті мониторинг жүргізіп жатыр. Аңшылар мен тұрғындар ескертілді. Әзірге құстардың қырылуының жаңа жағдайлары тіркелген жоқ», - дейді басқарма мамандары.

Жабайы құстардан ауруды жұқтырмау үшін Саумалкөл көлінің маңындағы елді мекендердің үй құстарына алдын алу вакцинасы қойылып жатыр.

Бүгінге дейін Саумалкөл және Красногорка ауылдарында 7 600 құсқа екпе егілді. Жалпы облыста 478 200 құс вакцинациядан өтті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT