+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

СҚО-да құс тұмауына байланысты 10 елдімекен карантинге жабылды

2020 жылғы 17 қыркүйек 12:49
Бөлісіңіз:
СҚО-да құс тұмауына байланысты 10 елдімекен карантинге жабылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында құс тұмауының таралуына байланысты 7 ауданның 10 елдімекені карантинге жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада Ақмола облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр 18,2 млн тонна астық бастырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі ШҚО: Өсімдік шаруашылығын дамыту - басты назарда

СҚО аумағында құс тұмауының анықталуына байланысты тиісті ведомство басшылары мен өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті.

Зертхана қорытындысына сәйкес аурудың таралуына жол бермеу мақсатында облыстағы Тимирязев, Тайынша, Жамбыл, Қызылжар, Шал ақын, Ғ.Мүсірепов, М.Жұмабаев - 7 ауданның 10 елдімекені карантинге жабылады.

«Карантин талабына сай бұл елдімекендерге кіріп-шығу шектеледі. Кіріп-шыққан көліктерді залалсыздандыру үшін кіреберістерде дезинфекциялық тосқауылдар қойылады. Халықтың тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдардың, құқық қорғау, медициналық және ветеринарлық қызметтердің көліктері ветеринарлық қауіпсіздікті сақтай отыра кедергісіз жүреді. Карантиндік аймақтардан тірі құстарды, құс өнімдерін, қауырсыны мен мамығын, жемазықты және құс шаруашылығында қолданылған қондырғыларды шығаруға тыйым салынады», - дейді СҚО ветеринария басқармасының басшысы Берік Әлжанов.

Республикалық бюджет есебінен құсы қырылған тұрғындарға өтемақы беріледі. Ол үшін арнайы комиссия құрылған. Құстың түріне, жыныстық-жастық тобына қарай нарықтағы орташа бағасы бойынша өтемақы төленбек.

«Құс тұмауынан құтылу үшін ауру құстарды жою керек. Құстар алынып, өртеледі. Бұл жұмыстармен республикалық эпизоотияға қарсы отрядтар айналысады. Олар құстарды алу барысында құжат толтырып, онда құстың түрін, жыныстық-жастық тобын көрсетеді. Кейін бұл құжат өтемақы төлеуге негіз болады», - дейді Берік Әлжанов.

Ал ауру жұқтырмаған құстарға екпе жасалып, олар ветеринарлық дәрігерлердің бақылауында болады.

Карантин аурудың соңғы жағдайы тіркелген күннен кейін 3 апта өтісімен алынады.

Айта кетейік, бұған дейін Ауыл шаруашылық министрлігі СҚО-ның 7 ауданында құс тұмауының ошағы анықталғанын хабарлаған болатын.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT