СҚО-да құс етін сатушылар бағаны өзара келісіп белгілегені үшін жазаланады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті құс етінің бөлшек саудасымен айналысатын субъектілерге қатысты тергеу амалдарын аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Департамент таратқан мәлімет бойынша, «Мелана СК» ЖШС және «Куриный Рай» ЖШС Петропавл қаласында құс етінің бөлшек саудасы бойынша қызмет көрсетіп отыр. Монополияға қарсы орган олардың әрекеттерінен ҚР Кәсіпкерлік Кодексін бұзу белгілерін анықтады. Әңгіме бәсекеге қабілетттілікке қайшы келетін келісім мен бағаны белгілеу және оны тұрақты ұстап тұрумен баланысты болып отыр. Бір сөзбен айтқанда компаниялар бағаны алдын ала бір-бірімен келісіп алған деген күдік туып отыр.

«Тергеуді бастауға Кәсіпкерлік және туризм басқармасының өткен жылдың қазан айында құс етінің өнімдері, дәлірек айтқанда - «КазКур» сауда павильондарында сатылатын тауықтың сан еті мен сирақтары бағаларының орташа есеппен алғанда 10 пайызға көтерілуіне қатысты шағымы негіз болды», - деп баяндады департамент бастығының орынбасары Наталья Шаяхметова.

Ол тергеу қорытындылары бойынша департамент «Милана СК» ЖШС мен «Куриный Рай» ЖШС-не қатысты монополияға қарсы заңнаманың анықталған бұзушылықтарын жою туралы ұйғарым шығарғанын қосып өтті. Оны орындау мерзімі - 22 ақпан. Әкімшілік өндіріс қозғалып, материалдары Петропавл қаласы әкімшілік сотына қарауға жіберіледі.

Заңды бұзған субъектілерге монополистік қызметті жүзеге асыру арқылы тапқан табысының 3 пайызы көлемінде айыппұл салынып, монополиялық табысы тәркіленуі мүмкін.



Автор: Олеся Жуковень

Соңғы жаңалықтар