СҚО-да күре жолдардың бойына жылы дәретханалар орнатылмақ

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында республикалық маңызы бар автожолдардың бойына жылы дәретханалар орнатылатыны жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының басшысы Болатбек Айтбаевтың айтуынша, жылы дәретханаларды күре жолдардың бойына орнату жұмыстары биыл басталмақ. Алғашқылары Покровка, Драгомировка, Рощинское, Саумалкөл, Пресновка, Чкалово, Кішкенекөл елді мекендерінің, Булаев, Мамлютка қалаларының және «Жаңажол» мен «Қарақоға» шекара өткізу бекеттерінің жанында тұрғызылады.
«Дәретханаларды инвестициялық қаржыға орнатуды жоспарлап отырмыз. Кейін бұл нысандарды өз қаражатымызға күтіп ұстайтын боламыз», - дейді Болатбек Айтбаев.
Филиал бұған дейін «Көкшетау-Омбы» автожолының Чкалово елді мекенінің маңында «Kaz Way» жол павильонын салатынын айтты. Нысанның ішінде жылы дәретхана мен автобус аялдамасы болмақ.
СҚО-да жол бойында қызмет көрсету нашар дамыған. Мұны өңір басшысы Құмар Ақсақалов талай сынға алды. Жыл басында өткен жиындардың бірінде облыстағы жол бойында орналасқан қызмет көрсету нысандарының 70% талапқа сай еместігі айтылған еді.
- Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына қатысты ескерту жарияланды
- Қазақстан мен Оман арасында виза тәртібін жеңілдету, туризмді дамыту мәселесі талқыланды
- 10 желтоқсан күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу
- СҚО-да «Бастау» мен «Жас кәсіпкер» түлектері жобаларының көрме-жәрмеңкесі өтті
-
СҚО-да өткен облыстық айтыстың бас жүлдесін Мұхаммед Қоңқаев алды
-
Омбыда «Қазақфильм» туындылары көрсетіледі
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам