СҚО-да құны 1,1 млрд теңгелік биогаз қондырғысы салынып жатыр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Ерік Сұлтанов Қызылжар ауданы Якорь ауылына жұмыс сапарымен барып, биогаз қондырғысын салудағы «Алекри» ЖШС мен «БиоТЕС» ЖШС-нің бірлескен жобасының іске асырылу барысын көрді, деп хабарлады аймақ басшысының баспасөз қызметінен.

Жоба басшысы Самат Қабдуллин облыс әкіміне құрылыс барысы мен пайдалануға берілетін уақыты жайлы айтты.
СҚО әкімдігі тарапынан жер учаскесі былтыр берілген. Қазір алаңда күмбез салу үшін монтаж жұмыстары жүргізіліп, жабдықтар да әкелініп жатыр.
Толық технологиялық жабдық циклін қамтитын модуль түріндегі биогаз қондырғысын ресейліктер дайындады. Өндіріс тәулігіне 9500 м3 биогаз ала отырып, тәулігіне 40 тоннаға дейін шикізатты қайта өңдейді. Пайдалануға енгізілгеннен кейін алынған электр энергиясы тіркелген тарифтер бойынша есептеу-қаржы орталығында іске асырылады.
Қуаты 1МВт құс шаруашылығы қалдықтарын қайта өңдеу бойынша биогаз қондырғысын салу жобасы жаңартылған энергия көздерін пайдаланудың қолданыстағы мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асқалы отыр. Жоба құны - 1,1 млрд теңге. Биогаз қондырғысын пайдалануға енгізу биылға жоспарланған.
null

Соңғы жаңалықтар