СҚО-да коронавруспен ауырғандар саны соңғы үш аптада 4,5 есе өсті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысындағы инфекциялық стационарларда 754 адам ем қабылдап жатса, олардың 320-сы өздігінен демала алмайтын халде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО-да коронавирустық инфекцияның таралуы және вакцинация барысы бойынша өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг өтті. Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Айманвтың айтуынша, тек соңғы 3 аптаның ішінде сырқаттанғандар саны 4,5 есе өскен.

25 маусым күні өңірдегі инфекциялық стационарларда 630 төсек-орын болып, 167 адам ем алса, бүгінде орын саны 3 есе артқан. Ауырғандар саны да 754-ке жетті.

«Облыста 1715 инфекциялық орын бар. Ол 19 емдеу мекемесінде орналасқан.

44 %-ға қазір толық. Жансақтау бөлімшелерінде орын саны 2,2 есе артып, бүгінде 115-ке жетті. 48 адам жатыр, 42 %-ға толған. 11 адам өмір мен өлім арасында. Тағы 102-сі кез келген уақытта жансақтау бөліміне түсуі мүмкін, олар қазір қарқынды терапияда.

Жалпы СҚО-да инфекциялық стационарлардың толымдылығы республика бойынша жоғары. Бізде ем алып жатқандардың барлығының жағдайы ауыр және аса ауыр. Демікпе, яғни өздігінен дем ала алмау, сатурация 93-тен төмен, өкпенің қабынуы, интоксикация – осындай белгілері болғанда ғана стационарға жатқызамыз. Яғни қазіргі 754 адам өмір үшін күресіп жатыр», - дейді Нұрлан Айманов.

Маманның айтуынша, маусым айының соңына қарай стационарлар тәулігіне 18 адамнан

қабылдап отырса, қазір 92-95 адамға дейін түседі. Тәуір болып шығып жатқандар күніне 45 адамнан аспай отыр.


Соңғы жаңалықтар