+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

СҚО-да коронавирустық инфекцияға шалдығу оқиғаларының саны екі есеге азайды

2021 жылғы 11 маусым 21:07
Бөлісіңіз:
СҚО-да коронавирустық инфекцияға шалдығу оқиғаларының саны екі есеге азайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус инфекциясына шалдығу оқиғаларының саны екі есеге азайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Батыс Қазақстанда коронавирус жұқтырған 430 адам стационарда емделіп жатыр БҚО-да маусым айында 1300-ден астам адам коронавирус жұқтырған Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласындағы №103 қалалық емханаға барды

Ауруға шалдыққан аймақ тұрғындарының басым бөлігін 60 жастан асқан адамдар құрайды.

Солтүстік Қазақстан облысында ағымдағы аптаның төрт күнінде КВИ жұқтырудың 62 жаңа жағдайы тіркелді. Өткен аптаның сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш екі есе төмендеген.

Барлық жағдайлардың 88%-ы эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша анықталғандығын атап өткен жөн.

Өткен тәулікте СҚО-да КВИ-дің 21 жаңа жағдайы тіркелді. Аталмыш жағдайлардың 18-де ауру белгілері байқалса, 3-де белгі байқалмаған.

Коронавирустық инфекцияны жұқтырғандардың негізгі үлесін 60 жастан асқан адамдар (жергілікті халықтың 30%), 50-59 жас аралығындағы адамдар (жергілікті халықтың 18%) құрайды.

Өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға берілген бағаға сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы 3 маусымнан бастап «жасыл» аймақта. Соңғы тәулікте өңірде 30-дан астам адам коронавирустық инфекциядан айыққан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT