+7 (701) 759 90 19
USD 428.07 EUR 507.61
RUB 5.62 CNY 65.15
Jańalyqtar

СҚО-да коронавирустан бір адам жазылып шықты

2020 жылғы 6 сәуір 16:39
Бөлісіңіз:
СҚО-да коронавирустан бір адам жазылып шықты

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған алғашқы науқас емделіп шықты. Бұл жайында бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Тимур Сұлтанғазиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жұқпалы індеттен тәуір болған - Петропавл қаласының тұрғыны. Енді ол 14 күн дәрігерлердің бақылауына алынып, үй карантинінде отырады.

«Бүгінде инфекциялық стационарда 24 адам жатыр. Олардың жағдайлары жақсы. Аурудың клиникалық белгілері жоқ, дене қызуы қалыпты. Жұқтырғандардың басым бөлігі инфекцияны тасымалдаушы, сол себепті жағдайлары қалыпты. Емдеу хаттамасына сай емдік іс-шаралар жүргізіліп жатыр», - деді Тимур Сұлтанғазиев.

Бұдан басқа провизорлық стационарда 68 адам жатыр. Олар жедел респираторлық вирустық инфекция белгілерімен түскендер, бірақ оларда коронавирус инфекциясы анықталмаған. Карантиндік стационарларда 230 адам бар. Олардың басым бөлігі – жұқпалы індетті жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болғандар. Үй карантинінде 1137 адам отырса, дәрігерлер тағы 266 адамды қашықтан бақылауға алған.

«Қосымша тағы 10 реанимациялық орын әзірледік. Эксперттік классқа жататын 5 жасанды тыныс алу аппараты алынды. Бұл жұмыстар жағдайы ауыр науқастар түсетін болса алдын ала дайын отыру үшін атқарылды», - деді Тимур Сұлтанғазиев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT