СҚО-да коронавируспен ауырғандардың 31 пайызы – 60 жастан асқандар

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз, соңғы екі аптада коронавирус жұқтырудың 2146 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, пандемия басталғаннан бері облыста КВИ жұқтырудың 30 158 жағдайы тіркелді, оның 2,4 % - шекара арқылы өткендер.

Өңір 2 қазаннан бері «қызыл» аймақта. Эпидемиологиялық жағдай тұрақты емес, соңғы 2 аптада облыста коронавирус жұқтырудың 2146 жағдайы тіркелген.

Осыған ұқсас кезеңмен салыстырғанда ауыру 4,2 %-ға өскен.

Тек өткен тәулікте 143 жағдай тіркелді, оның ішінде 126 сырқатта ауру белгілері болған.

«Пандемия басталғаннан бері облыста ауырғандарды жас санатына қарай талдайтын болсақ, басым көпшілігі, яғни 31 %-ы - 60 жастан асқан адамдар, 18 %-ы - 50-59 жастағылар және 13 %-ы – 40-49 жастағылар. Сондай-ақ жұқтырғандардың 33 %-ы жұмыс істесе, 28 %-ы - зейнеткерлер, 16 %-ы жұмыс істемейтіндер», - дейді департаменттің баспасөз хатшысы Айнаш Сағандықова.

СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, сырқаттанған 30 158 адамның 26 667-сі тәуір болған.

Қазір инфекциялақ стационарларда 629 сырқат бар, 19-ы карантинде, 51-і жансақтау бөлімшелерінде жатыр.

Ал ауырып қайтыс болғандардың саны 319-ға жетті. Тек өткен тәулікте 2 адам көз жұмды.


Соңғы жаңалықтар