+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

СҚО-да коронавируспен ауырғандар саны артып келеді

2021 жылғы 14 қаңтар 19:15
Бөлісіңіз:
СҚО-да коронавируспен ауырғандар саны артып келеді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында КВИ-ді жұқтырғандар саны артып келеді, өткен тәулікте 59 адамнан қауіпті инфекция анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысында карантиндік шектеулер туралы жаңа қаулы шықты Павлодар облысында қалааралық және ауданаралық бағытта жолаушыларды тасымалдау тоқтатылады Манар Смағұл: Вакцинаның шығарылуы – қауіпті індеттің алдын алуға қол жеткізу

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті брифингте өңірдегі коронавирус бойынша жағдайға тоқталды. Департамент басшысының орынбасары Арман Күшбасовтың айтуынша, облыста жағдай мәз емес, «қызыл аймаққа» кіруге шақ қалдық. Мәселен өткен тәулікте 59 адамда КВИ анықталған. Олардың 52-сі дәрігерге ауырып қаралған.

«Қызыл аймаққа» кіретін болсақ, шектеу шаралары күшейтіледі. Оған жол бермес үшін барлығымыз санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауымыз қажет. Халық көп шоғырланған жерлерге барудан бас тартып, әлеуметтік ара қашықтықты сақтаған жөн. Әрине, маска тағуды да ұмытпаймыз», - дейді Арман Күшбасов.

СҚО-да коронавирус жұқтырғандардың саны 9 350-ге жетті. Олардың 60% -ы медициналық мамандарға көмек сұрап жүгінсе, 23%-і жұқтырғандармен байланыста болған. Ал қалғаны профилактикалық тексеріс барысында өздерінің COVID-19 жұқтырғандарын білген.

«КВИ барлық жастағы адамдардан анықталып жатыр. Дегенмен ауырғандардың басым бөлігі - 47%-і – жасы 50-ден асқандар. Шекара асып келгендердің де үлесі жоғары. Өңірде тіркелген жұқтырғандардың 4% - 364 адам шеттен ауырып келген», - дейді департамент басшысының орынбасары.

Жалпы 202 жылдың 6 қазаны мен 2021 жылдың 12 қаңтары аралығында Ресеймен шекарада орналасқан бекеттер арқылы 50,6 мың адам өткен. Олардың тек 16,2 мыңында ғана ПТР тест қорытындысы болған. Анықтамасы жоқ 2,5 мың адам тексеріліп, олардың 222-сінен КВИ анықталды», - дейді Арман Күшбасов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT