СҚО-да коронавирус жұқтырғандар саны бір аптада 1,7 есе артты

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны бір аптада 437-ден 762-ге дейін көбейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде коронавирусты жұқтырғандар саны 10 549 адамға жетті. Тек өткен тәулікте тағы 117 адамнан анықталған. Оның 76-сы дәрігерлерге ауырып көрінген.

Мамандардың айтуынша, бір аптадан бері өңірде күнделікті 100 адамнан кем емес науқас анықталып жатыр. Осылайша жұқтырғандар саны 437-ден 762-ге дейін, яғни 1,7 есе көбейген.

Жалпы сырқаттанғандардың 34 %-ы жұмыс істейтіндер болса, 25 %-ын зейнеткерлер және 17 %-ын жұмыс істемейтіндер құрайды.

Барлық жұқтырғандардың 3,7 %-ы – сырттан келгендер. Мәселен 6 қазан мен 26 қаңтар аралығында Ресеймен шекарадағы автожол бекеттерінен 56 мыңнан астам адам өткен. Оның 18 мыңнан астамында ғана ПТР тест нәтижесі болған. Елдің 2648 азаматы қолдарында анықтамасы болмағандықтан карантиндік стационарға алынып, тексерілді. Олардың 235-інде анықталып, 28-і инфекциялық стационарға орналастырылды. 207-сі үйлерінде ем алуға жіберілді. Шетелдік 366 азамат қолдарында ПТР тест нәтижесі болмағандықтан кейін қайтарылды.


Соңғы жаңалықтар