+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

СҚО-да коронавирус жұқтырған 49 адамның жағдайы ауыр

2021 жылғы 3 тамыз 13:38
Бөлісіңіз:
СҚО-да коронавирус жұқтырған 49 адамның жағдайы ауыр

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында өткен тәулікте 147 адам КВИ жұқтырды, қазір өңірде стационарлар 46% толған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 172 адамның жағдайы өте ауыр Матрица: Алматы облысы «жасыл», Қызылорда облысы «сары» аймаққа шықты Қазақстанда өткен тәулікте 1719 адам коронавирустан жазылды

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, коронавирус жұқтырғандардың жартысына жуығы Петропавлға тиесілі.

Өткен тәулікте облыс орталығының 76 тұрғыны ауырған. Жалпы соңғы кезде КВИ жұқтырғандардың 90 %-ында ауру белгілері бар.

Облыста өткен жылдың наурызынан бері 18193 адамда коронавирус анықталған. Оның ішінде 775-і – дәрігерлер.

Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір өңірдің инфекциялық стационарларында 725 адам ем алып жатыр.

Оның 49-ының жағдайы мүшкіл. Бүгінге дейін қауіпті инфекциядан облыста 60 адам қайтыс болды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT