СҚО-да коронавирус жұқтырған 47 адамның жағдайы нашар

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында өткен тәулікте 72 адам коронавирусты жұқтырды, жалпы ауырғандар саны 25 мыңға жуықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір өңірде коронавируспен ауырғандарға арналған 1200 орын бар. Ол бүгінде 56,3 %-ға жүктелген. Инфекциялық стационарларда 653 адам ем алып жатыр, олардың 47-сінің жағдайы ауыр. Өткен тәулікте үш адам қайтыс болды, осылайша көз жұмғандардың саны 214 адамға жетті.

4 қазандағы жағдай бойынша СҚО-да 72 адамда КВИ анықталды. Жұқтырғандар санынан Петропавлдың үлесі жоғары – 19 адам. Жамбыл, Қызылжар аудандарында 7 адамнан табылса, М.Жұмабаев, Шал ақын аудандарында 6 жағдайдан тіркелген. Қалған аудандарда 5-еуден төмен.Тек Ақжар ауданында ғана бір де бір жағдай тіркелмеген.

Жалпы СҚО-да пандемия басталғалы 24 863 адам коронавирус жұқтырды. Тәуір болғандардың саны – 22 726. Ал ақпан айынан бастап 242 478 адам вакцинацияның бірінші курсынан өтсе, толық екпе алғандардың саны 220 532 адамға жетті.


Соңғы жаңалықтар