СҚО-да коронавирус жұқтырған 23 адамның жағдайы ауыр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 23 адам ауыр халде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 желтоқсанда өңірде коронавирус жұқтырған 70 адам анықталды. Олардың жартысына жуығында ауру белгілері болмаған. Жаңа жағдайлардың үлесі бұрынғысынша Петропавлда көп. Облыс орталығында - 27, Тимирязев ауданында – 11, Айыртау ауданында – 7, қалған аудандарда 1-4 жағдайдан анықталды.

ПТР әдісімен зертханалық талдаулар эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша 60 адамнан, алдын алу мақсатында 2 және эпидқадағалау мақсатында 8 азаматтан алынды.

СҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, инфекциялық стационарлар 39%-ке, карантиндік стационарлар 11 %-ке ғана толық. Пандемия басталғалы өңірде 40 адам қайтыс болса, бүгінде 23 сырқаттың жағдайы ауыр.


Соңғы жаңалықтар