СҚО-да коронавирус індетін жұқтырған алтыншы адам – 37 жастағы әйел

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың алтыншы дерегі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, алтыншы жағдай Тайынша қаласында тіркелді. 1983 жылы туған әйел бұған дейін індетті жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болғаны үшін медицина қызметкерлерінің бақылауында болған.

Инфекция анықталысымен ол бірден Петропавл қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта әйелдің жағдайы қалыпты.

Бұған дейін мамандар СҚО бойынша коронавирус инфекциясының бес ошағын жариялаған болатын.



Соңғы жаңалықтар