СҚО-да коронавирус бойынша жағдай тұрақталып келеді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 72 жағдайы тіркелді, оның 23-і Петропавлда анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 желтоқсан күні тіркелген 72 жағдайдың тек 44-інде ғана ауру белгілері болған. Олардың 23-і Петропавлда, 15-і Тайынша ауданында, 12-сі Қызылжар ауданында анықталса, қалғандарында 3-5 аспайды.

ПТР әдісімен зертханалық талдаулар эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 51 сырқаттан, алдын алу мақсатында - 2 және эпидқадағалау мақсатында 19 адамнан алынды. Жалпы өткен тәулікте ПТР әдісімен 2216 адам зерттелді.

Соңғы бірер аптадан бері СҚО-да қауіпті инфекцияны жұқтырғандар саны азайып келеді. Мамандардың айтуынша, өңір «қызыл» аймақтан, «сары» аймаққа өтті.

Бұған дейін облыс әкімі Құмар Ақсақалов брифингте коронавирус бойынша жағдай осылай тұрақты түрде төмендейтін болса, карантин талаптары жеңілдетіліп, демалыс және мереке күнерінен «локдаунның» алынатынын айтқан еді.

Санитариялық дәрігерлердің айтуынша, ертең СҚО-да бас санитариялық дәрігердің жаңа қаулысы шығуы тиіс.


Соңғы жаңалықтар