СҚО-да коронавирус бойынша жағдай тұрақталды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус бойынша жағдай тұрақталды. Инфекциялық стационарлар 20 %-ға ғана толық, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО-да коронавирусқа қатысты өңірдегі ағымдағы жағдай бойынша брифинг өтті. СҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Құмар Күсемісовтің айтуынша, өңірде жағдай тұрақталған. Қазір облыстағы инфекциялық стационарларда 244 адам ем алып жатыр. Барлық орынның тек 20 %-ы ғана толық. «Қазір өңірде вакцинаның екінші компонентін егу бойынша жұмыс жүріп жатыр. 22 ақпан күні облысқа Қарағандыда шығарылған ресейлік «Спутник V» препараты жеткізілді. Бүгінге дейін 900 адамға вакцина егілді. Жақын күндері бұл жұмысты бітіреміз. Ал наурыз айының басында вакцинаның

жаңа партиясы жеткізіледі», - деді Құмар Күсемісов.

СҚО-ға бұл жолы жоспарға сай 2800 доза вакцина әкелінбек.

«Бұған дейін 1200 адам КВИ-ға қарсы вакцина алды. Еш ауытқушылықтар болған жоқ. Сол себепті екпе салдыруға түсіністікпен қарауға шақырамын. Жалпы бізге вакцина қойдырғысы келіп өтініш білдіріп жатқан тұрғындар көп. Екінші партиясы келісімен дәрігерлерден кейін сұраныс бойынша да екпе егетін боламыз», - дейді СҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Құмар Күсемісов.


Соңғы жаңалықтар