СҚО-да коронавирус анықталған 3 адам Ресейде жұмыс істеген

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус инфекциясы анықталған үш адам Ресейдің Омбы қаласында жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шұғыл штабтың мәліметінше, COVID-19 анықталған ер адамдардың екеуінің жасы 37-де, біреуі – 33-те. Омбы қаласындағы құрылыс компанияларының бірінде вахталық әдіспен жұмыс істейді. Олар 25 мамыр күні Ресейден елге М.Жұмабаев атындағы ауданның «Қарақоға» бекеті арқылы кірген. COVID-19-ға тексеріліп карантиндік стационарға орналастырылды.

Сараптама азаматтардың коронавирустық инфекцияны жұқтырғанын көрсетті. Қазір олар бірінші қалалық ауруханаға жатқызылды. Бекітілген хаттамаға сәйкес емдеу басталды. Мамандардың айтуынша, барлық үш адамның жалпы жағдайы қанағаттанарлық, клиникалық белгілері жоқ. Науқастармен 6 адам жақын байланыста болғандығы анықталды, олар да COVID-19-ға тексерілді, тексеру нәтижелері теріс.

Жалпы, 26 мамырдағы жағдай бойынша СҚО аумағында COVID-19 вирусын жұқтырған 49 адам тіркелген.


Соңғы жаңалықтар