СҚО-да көпсалалы аурухана сырқаттарды жоспарлы түрде қабылдап жатыр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысындағы көпсалалы аурухана сырқаттарды жоспарлы түрде қабылдауды бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО-дағы көпсалалы аурухана сырқаттарды жоспарлы түрде қабылдауға 100% дайын. Медициналық мекеменің бас дәрігері Юрий Белоногтың айтуынша, бүгінде провизорлық стационарға өкпе қабынуымен және коронавирусты инфекциямен түсетін сырқаттар саны бірнеше есе азайған. Қауіпті ауру өршіп тұрған кезде ауруханада құрылған 2 стационарға тәулігіне 70-тен аса науқас түссе, қазір олардың саны 20-ға жетпейді екен.

«Ауруханада ашылған екі стационарды әзірге жаппаймыз. Ал жоспарлы түрде қабылданатын сырқаттар алдымен ПЦР-тест тапсырады. Қазір гемотологиялық бөлімше онкологиялық орталық негізінде жұмыс істеп жатыр. Неврологиялық инсульт орталығы осындағы нейрохирургиялық бөлімшеге, ревматологиялық, гастроэнтерологиялық, эндокринологиялық бөлімшелер бүгінде кардиологиялық орталықта жұмысын жалғастыруда. Бізде таза аумақта оңалту бөлімшесі ғана жұмыс істейтін болады. Инсульт алған, кардиохирургиялық, нейрохирургиялық отадан кейінгі оңалту бөлімшесіне сұраныс жоғары. Ол 35 орынға шақталған», - дейді Юрий Белоног.

Алайда кей науқастарға жоспарлы түрде ем алу үшін күтуге тура келеді. Бас дәрігердің айтуынша, әзірге хирургия, нейрохирургия, урология, нефрология, офтальмология және оңалту бағыттары бойынша сырқаттарды жоспарлы түрде ауруханаға жатқызу туралы бұйрық түспеген.


Соңғы жаңалықтар