+7 (701) 759 90 19
USD 381.10 EUR 420.81
RUB 5.65 CNY 54.57
Jańalyqtar

СҚО-да көпқабатты баспана мен шағын орталық пайдалануға берілді

2019 жылғы 12 желтоқсан 17:52
Бөлісіңіз:
СҚО-да көпқабатты баспана мен шағын орталық пайдалануға берілді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавл қаласында 100 пәтерлі тұрғын үй мен «Нұр-бөбек» бөбекжай-бақшасы пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша ТМД елдері ішінде 1-орында тұр Созақта кәсіпкер көпбалалы отбасыға  баспана тарту етті Қарағанды облысында тұрғын үй кезегінде тұрған мыңнан астам адамды тіркеуден алып тастады

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Құмар Ақсақалов Береке ықшамауданындағы 100 пәтерлі үйдің тұрғындарымен кездесіп, қоныс тоймен құттықтады. Көпбалалы, толық емес отбасыларға, мүгедектерге, жетімдер мен соғыс ардагерлеріне жалдамалы-коммуналдық пәтер берілді.

«Биыл 8 мыңнан аса адам пәтерге ие болды. Оның ішінде 126-сы көп балалы отбасы. 3 жылда көпбалалы отбасыларды баспанамен толық қамтамасыз етеміз», - деп жазды өңір басшысы жеке парақшасында.

Мамандардың мәліметіне сүйенсек, биыл 2240 пәтерді қолданысқа беру жоспарланған. Ал келесі жылы 2842 пәтер салынбақшы.

Бұл күні Петропавлда жаңа шағын орталық та салтанатты түрде ашылды. «Нұр-бөбек» атты бөбекжай-балабақша 3 жасқа дейінгі сәбилерді қабылдайды. Жаңадан салынған көп пәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан орталық 44 балаға шақталған. Олардың тәрбиесімен 16 маман айналысады.

«Бүгінде 3 пен 6 жас аралығындағы барлық балалар балабақшаға барады. Ендігі мақсат: 3 жасқа дейінгі бүлдіршіндері қамтамасыз ету. Бұл үшін көпқабатты үйлерде шағын орталықтарды ашатын боламыз», - деді Құмар Ақсақалов.

Бөбекжай бақшада балғындар 4 мезгіл тамақтанады. Бағасы 12-16 мың теңге шамасында болмақ. Көп пәтерлі үйдің бірінші қабатында орналасқандықтан тұрғындар үшін өте ыңғайлы. Ал келер жылы өңірдегі балабақшаларға бюджет есебінен күрделі жөндеу жүргізілмек.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT