СҚО-да көпбалалы отбасыларға берілетін әлеуметтік көмектің көлемі қанша

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Сергей Яковенконың айтуынша, былтыр 4,6 мың ана 55,7 млн теңге мөлшерінде бір реттік көмек алған. Биыл әлеуметтік көмек ретінде 58,2 млн теңге бөлу жоспарланған. Оның сөзіне қарағанда, 2019 жылы аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға жаңа форматта арнайы мемлекеттік әлеуметтік көмек көрсету үшін жалпы 320,7 миллион теңге қаражат бөлінген.

Отырыста көпбалалы отбасыларды мектепке дейінгі сапалы біліммен қамту мәселесі де сөз болды. Петропавл қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Татьяна Протопопова облыста көпбалалы отбасылардың 7 жасқа дейінгі балаларының жалпы саны 2037 екенін айтты. 3 жасқа дейінгі 176 бала балабақша кезегінде тұр, соның 163-і - Петропавл қаласының тұрғындары.

Өзекті мәселелердің тағы бірі - өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Атығаев өрттің алдын алу мақсатында тұрғын үйлерді иіс газын анықтайтын автономды «датчиктермен» жабдықтау жұмысы жүріп жатқанын жеткізді. Қазірге дейін аз қамтылған және табысы аз отбасылар тұратын 33 үйге дәл сондай «датчиктер» орнатылды.



Автор: Олеся Жуковень

Соңғы жаңалықтар