СҚО-да көктемде әскерге баруы тиіс жігіттердің орны толмай жатыр

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысынан биыл көктемде әскер қатарына 555 адам аттануы тиіс, алайда әзірге 210 жігіт қана іріктеліп алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімдігінде өткен жиында көктемгі әскерге шақыру науқанының барысы пысықталды.

Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Марат Кәрімовтың айтуынша, қазіргі уақытта ведомство есебінде 16 516 әскерге шақырылушы бар.

«Алдын ала 2 313 адам зерделеніп, оның ішінен 210 жігіт іріктеліп алынды. Осылайша, әскерге шақыру жоспары әзірге 37,8 % ғана орындалып отыр.

Жалпы көктемде өңірден 555 адам әскер қатарына алынуы тиіс. 12 наурыз бен 2 сәуір аралығында 6 әскери команда құрып, аттандыруымыз керек. Мамыр мен маусым аралығында тағы 8 команда жіберіледі.

Қазіргі уақытта департамент 2 команда жасақтап, оларды ҚР ҰҚҚ шекара қызметіне аттандырды. 22 адам баруы керек болса, тек 10 әскерге шақырылушы ғана кетті», - дейді Марат Кәрімов.

Наурыз айынан бастап 12 аудандық, қалалық және облыстық әскерге шақыру, медициналық комиссиясы жұмыс істеп жатыр. Мұнда да мәселе бар.

Аудандық медициналық комиссияларда 12 дәрігер жетіспейді. Олар Айыртау, Есіл, М.Жұмабаев, Шал ақын, Уәлиханов аудандарында жоқ.


Соңғы жаңалықтар