+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

СҚО-да қоғамдық орындарда мас жүрген 10 мыңнан астам адам ұсталды

2021 жылғы 21 қазан 02:53
Бөлісіңіз:
СҚО-да қоғамдық орындарда мас жүрген 10 мыңнан астам адам ұсталды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында биыл полицейлер қоғамдық орындарда мас жүрген 10 мыңнан астам адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда Трамадол сатып жүрген әйел ұсталды Атырауда 22 жастағы жігіт оқ жарақатымен ауруханаға түсті 11,5 мың акциздік марка, 110 литр спирт: Алматы облысында жасырын цех анықталды

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл өңірде алкогольдік ішімдіктерді сату ережелерін бұзуға қатысты 118 әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл 21 жасқа толмағандарға арақ-шарап сату немесе спирттік ішімдікті түнгі уақытта сату жағдайлары. Тағы 142 солтүстікқазақстандық алкоголь өнімдерін астыртын сатқаны үшін жауапқа тартылды. Заңсыз айналымнан 5,8 мың литр спирттік ішімдік алынды.

«Кең тараған құқық бұзушылықтардың бірі – қоғамдық орындарда ішімдік ішу немесе мас күйде жүру. Жыл басынан облыста осындай 9665 факті анықталды. Алкоголь адамды қылмыс жасауға итермелейді, тіпті мастардың өздері де қылмыскерлердің құрбанына айналуы әбден мүмкін. Айта кететіні, СҚО-да жыл басынан алкогольдік мас күйде 535 қылмыс жасалған. Қоғамдық орындардағы құқықтық тәртіпті күзетумен айналысатын учаскелік полиция инспекторлары мен патрульдік полицейлердің жұмысы осындай оқиғалардың жолын кесуге бағытталған», - дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Александр Розбах.

Облыстың учаскелік полиция инспекторлары 180 адамды маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жіберу үшін материалдар жинады. Тұрғын мас күйінде бірнеше заң бұзушылық жасаған жағдайда полицейлер оларды мәжбүрлі емдеуге жіберуге құқы бар. Тәртіп сақшылары алкогольге тәуелді жандардың жақын туыстарынан, олардың «түзелемін, қоямын» деген уәделеріне сенбей, емделуге жіберу бойынша шаралар қабылдауын сұрайды. Бұл мәселе бойынша учаскелік полиция инспекторынан кеңес алуға болады.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT