СҚО-да қоғамдық орында мас жүрген 11 мыңнан астам адам жазаланды

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер 29 жастағы Петропавл тұрғынын үсік алудан құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлда жүргіншілер «Петропавл-Есіл» автотрассасына кезекшілік атқаруға бағыт алған патрульді полиция батальонының экипажын тоқтатқан. Қала тұрғындары жол айрығының маңында ер адамның жатқанын айтқан. Полицейлер айтқан жерден жігітті тапты. Ол қар үстінде отырып, аяқ киімін шешпек болған. Тәртіп сақшылары қатты тоңған ер адамды патрульдік машинаға отырғызып, жедел жәрдем көлігін шақыртты. 29 жастағы қала тұрғыны спирттік ішімдік ішкен екен. Медициналық қызметкерлер ер адамды жарақат бөліміне жеткізді, дер кезінде көрсетілген көмектің арқасында ол үсік шалудан аман.

«Адам түрлі құқық бұзушылықтарға мастықпен барады және спирттік ішімдік ішудің салдарынан түрлі келеңсіз жағдайларға ұрынып жатады. Оларды болдырмау - жергілікті полиция қызметі міндеттерінің бірі. Өткен жылы облыста спирттік ішімдіктер ішкені және қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін 11 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.


Соңғы жаңалықтар