СҚО-да кітапханашылар Наурыз қарсаңында балалар ауылына мереке ұйымдастырды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлдағы балалар ауылының тәрбиеленушілері Наурыз мерекесін Ғ. Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында тойлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысындағы ұйымдар мен ұжымдар Наурыз мерекесін тойлауды бастап кетті. Балалар мен жасөспірімлед кітапханасының ұжымы балалар ауылының тәрбиеленушілеріне арнайы сый жасады.

Кітапхананың әдіскері Екатерина Старостинаның айтуынша, балалардың қызығы үшін «Жаса, Наурыз, дәстүрлі!» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.

«Наурыз мерекесінде кең дастархан жайып, достарды, туыстар мен көрші-қолаңды үйге шақыру ізгі дәстүр. Кітапхана қызметкерлері де қазақтың ұлттық дәстүрін көрсетіп, қонақтарға наурыз көже таратты, үстел ойындары бойынша шеберлік сабақтарын өткізді», - дейді Е. Старостина.

Домбырада күй шырқалып, халық әндері айтылды. Кітапхана алдындағы алаңда арқан тартудан жарыс болып, кішкентайларға бауырсақтың қалай пісірілетіні көрсетілді.

Өңірдегі негізгі мерекелік шаралар 21 наурызда басталады. Петропавлдың әр ауданында мәдени ойын-сауықтар бағдарламасы қойылады.

Автор: Олеся Жуковень

Соңғы жаңалықтар