СҚО-да кішкентай екі бала ыстан уланып, ауруханаға түсті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда өткен аптада өрттен үш адам қаза тапты, оның үшеуі де - тұрақты мекенжайы жоқ қаңғыбастар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті апталық брифинг өткізіп, өткен аптада болған оқиғаларға тоқталды.

Мәселен өткен аптада 21 өрт тіркеліп, үш адам мерт болды, екі адам күйік алып, екі бала иіс тиіп уланып қалды.

5 қараша күні сағат 20.11 минут кеткенде Петропавлдағы Васильев 123 мекенжайында орналасқан жылу коллекторынан өрт шыққан.

Өрт сөндірушілер нысанның ішінен 36 жастағы адамның денесін алып шықты. 28 жастағы ер адам 79 % күйік алып, үш күннен кейін жансақтау бөлімшесінде қайтыс болды.

Ал үшінші 44 жастағы ер адамның денесінің 12 %-ы күйген. Өрт майшамнан шыққан, салдарынан төсек-орын өртеніпті. Қаңғыбастардың үшеуі де мас болған.

Осыған ұқсас оқиға келесі күні 6 қарашада болды. Петропавлдағы Медведев 10 мекенжайында орналасқан жылу коллекторында өрт шыққаны жөнінде хабар арнайы қызметке сағат 17.00 шамасында түскен.

Құтқарушылар жанып жатқан коллектордан екі адамды шығарды. Әйел 75 % күйік алып, екі күннен кейін жансақтау бөлімшесінде көз жұмды.

Қасында болған ер адам да күйік алды. Олар да мас болған. Өрт темекі тұқылынан шыққан.

Осы күні Қызылжар ауданы Бескөл ауылындағы Баукенов, 9 көшесіндегі тұрғын үйде екі бала иіс тиіп, уланып қалды.

Мамандардың айтуынша, пештің мұржасы бітеліп қалған. Салдарынан 7 және 5 жастағы екі бала уланып, облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Ағалы-қарындасты екеуінің жағдайы бірқалыпты.


Соңғы жаңалықтар