Jańalyqtar
СҚО-да қираған ғимаратты бұзуға рұқсат берген әкімге үкім шықты
2020 жылғы 26 наурыз 14:07
Бөлісіңіз:

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында Тимирязев ауданы Тимирязев ауылдық округінің бұрынғы әкіміне жаза кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандарының мәліметінше, ауылдық округ әкімі С.Байгужин Тимирязев аудандық ауруханасының бұрынғы жұқпалы аурулар бөлімшесінің қираған ғимаратын бұзып алуға рұқсат беру арқылы алаяқтық жолмен ақша алуға әрекеттенген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
19 наурызда Тимирязев аудандық сотының үкімімен Байгужин 3 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сотталушы өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылды.
Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- Шымкентте карантин кезінде мұғалімдерден жүйелі түрде пара алған директор 8 жылға сотталды
- Солтүстік Қазақстанда КВИ жұқтырғандар бір аптаның ішінде 36 пайызға артты
- Рудный қаласында түрмеден қашқан екі қылмыскер ұсталды
- «Қазгидромет»: СҚО-да ауа райына байланысты ескерту жарияланды
-
Марат Бәшімов: Сот кадрларын іріктеу ісін әлі де жетілдіру керек
-
Коронавирус: «Қызыл» аймаққа тағы бір облыс кірді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER