+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

СҚО-да киелі жерлердің тізімі тағы сегіз нысанмен толықты

2019 жылғы 9 қазан 17:25
Бөлісіңіз:
СҚО-да киелі жерлердің тізімі тағы сегіз нысанмен толықты

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының киелі жерлерінің картасына биыл тағы 8 нысан қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жетісудан шыққан рухани керуен арыстықтармен кездесті Сарыағаш ауданының қариялары киелі жерлерді аралады Елорда тұрғындары мен қонақтары қаланың киелі жерлерін аралауда

Солтүстік Қазақстан облысы су қоймаларына бай, өңірде ірілі-ұсақты 3 мыңнан астам көл бар. Оның ішінде емдік қасиеті мол тұзды көлдер де жетерлік. Қызылжар өңірінің киелі жерлерінің картасына халық арасында танымал және сұранысқа ие Меңгесер мен Теке көлдері енді. Мәселен Мамлют ауданында орналасқан Меңгесер көлінің суының құрамы Өлі теңіздің суына пара-пар екенін бұған дейін айтқан болатынбыз.

«3-4 қазан күндері біз өз жобамызды орталықта қорғап шықтық. СҚО-ның киелі жерлерінің тізіміне тағы 8 нысан қосылып, 33-ке жетті. Биыл алғаш рет сакралды картаға табиғи байлығымыз енді. Біздің өңірдің көлдерінің емдік қасиеті ғылыми дәлелденген. Ендеше неге оларды киелі деп санамасқа?» - дейді СҚО Табиғи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының директоры Рақат Мәмбеталинов.

Киелі жерлердің картасына солтүстікқазақстандықтардың мақтанышы - Айыртау-Имантау-Шалқар табиғи кешені, «Серебряный бор» атты реликт орманы да кірді.

Бұдан басқа тізімнен Жамбыл ауданындағы Сүйіндік батырға арналған ескерткіш тасты, XIX ғасырда өмір сүрген, Абайдың ұлылығын алғаш болып дәлелдеп айтқан, ұлт зиялысы Зейнелғабиден әл-Жаухаридің жерленген орнын, XVIII ғасырда туған Жоңғар шапқыншылығы кезінде ер Жәнібектің кеңесшісі және сенімді серігі болған Байталақ батырдың Қулыкөл елді мекенінде жерленген орнын да көруге болады. Сонымен қатар, облыс орталығындағы мәңгілік алау, саяси қуғын-сүргін құрбандарының монументі мен Қарасай және Ағынтай батыр ескерткіштері орналасқан театр алаңы да картаға енді.

«Біз киелі жерлер картасының тізімін толықтырар кезде барлық аудан орталықтары мен елді мекендерді аралап шықтық. Бірақ халық арасында маңызы бар кейбір жерлер біздің назарымыздан тыс қалуы мүмкін. Сондықтан да, егер өңір тұрғындары тарихи мәні бар өз ауылдарындағы нысандарды ұсынса, зерттеп көреміз», - дейді Рақат Мәмбеталинов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT