СҚО-да ҚХА-ның XXVII сессиясының қорытындысы талқыланды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлдағы Достық үйінде солтүстікқазақстандықтар Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясының қорытындысын талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сәуірдің 29-ы Нұр-Сұлтан қаласында «Бейбітшілік пен келісім формуласы: әлеуметтік бірлік және жаңғырту» тақырыбында ҚХА XXVII сессиясы өтті. Делегация құрамына этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, Аналар кеңесінің және ғылыми-сарапшылық топтардың өкілдері кірді. Жалпы өңірден 37 делегат барды.

Дөңгелек үстелге келгендер осы сессиядан алған әсерлерімен, білген-түйгендерімен бөлісті. Сондай-ақ этносаралық бірлік, бейбітшілік пен келісім жайлы сөз өрбітті.

«Үш мемлекеттен Түркия, Ресей және Германиядан шетелдіктер баяндама жасады. Осы баяндамалар бойынша мен өзім ғалым ретінде ойға түйгенім - қазіргі уақытта халықаралық аренада Қазақстан халқы Ассамблеясының тәжірибесін жоғары деңгейде зерттеп жатыр. Біздің Қазақстан 20-сыншы ғасырдан бастап көпұлтты біріктірген мемлекет ретінде дамып жатырмыз», - дейді СҚО ҚХА медиация кабинетінің меңгерушісі Гүлбақша Мұсабаева.

Сессияда болған солтүстікқазақстандық жастар Елбасы сөзінен қанаттанып қайтқандарын жасырмайды.

«Әлемде, күнделікті өмірде бәрі өзгеріп жатыр. Бір ғана дүние өзгеріссіз қалады, ол - қоғамның бірлігі мен ұлтаралық келісім», -деді Тұңғыш Президентіміз. Біз, әрине, мұнымен толық келісеміз. Тәуелсіздік жылдары дүниеге келген жаңа, жас ұрпақ жетілді. Біз - мемлекетіміздің дамуы үшін аянбай еңбек ететініміз анық. Облыс жастары елімізді, облысымызды дамытуға бағытталған барша реформаларды қолдайды», - дейді «Жаңғыру жолы» Жастар қозғалысының жетекшісі Роксана Орынбасарова.

Соңғы жаңалықтар