СҚО-да кейбір мектептер қашықтан оқыту форматына көшірілмек
2022 жылғы 14 қаңтар 22:42

СҚО-да кейбір мектептер қашықтан оқыту форматына көшірілмек

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты, ол ертеңнен бастап күшіне енеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа қаулыға сәйкес 3 тоқсанда Петропавлдың және аудан орталықтарының, ауылдардың 600-ге дейін оқушысы бар мектептері штаттық режимде жұмысқа кіріседі. Оқушы саны одан жоғары болған жағдайда қашықтан оқыту форматына көшеді.

Ал қашықтан оқыту форматына көшкен мектептерде әкімшіліктің шешімі бойынша 1-2 сыныптар қалыпты режимде, ал 3-5 сыныптарда кезекші сыныптар болуы мүмкін.

Колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері аралас оқыту форматына көшеді, дәрістер қашықтан, ал зертханалық-тәжірибелік жұмыстар оффлайн өтеді.

Вакцинацияланған оқушылар мен толық вакцинация курсын аяқтаған студенттерді оқу орны әкімшілігінің қалауы бойынша штаттық режимде оқытуға рұқсат беріледі.

Мектептен тыс білім беру ұйымдарында оқыту штаттық режимде жүргізіледі, тек топта адам саны 10-нан аспауы қажет.

Сондай-ақ «Ashyq» жобасына қатысатын нысандар жұмыс және демалыс күндері сағат 01.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшыларына сағат 03.00 - ге дейін жұмыс істеуге рұқсат берілді.

Демалыс күндері жұмыс істейтін нысандарда қызметкерлер мен қелушілерде «жасыл» мәртебесі немесе сынамаларды алған сәттен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тест болуы, КВИ-ға қарсы вакцинациялауға тұрақты медициналық қарсы көрсетілемдері болуы міндетті немесе соңғы 3 ай ішінде КВИ-мен ауырып жазылғаны туралы анықтаманы көрсетуі қажет.

«Жасыл» мәртебесінің болуы облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдарға, отельдерге, қонақ үйлерге, әуежайларға, теміржол, автомобиль, автобекеттерге, жолаушыларға қызмет көрсету пунктеріне, білім беру нысандарына, ЖОО-ға, колледждерге, білім беру ұйымдарының интернаттары мен жатақханаларына, сондай-ақ «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық нысандарда міндеттелмейді.

Ал сауда орталықтарына, театрларға, мәдениет нысандарына, спорт кешендеріне, сауна, монша, бассейндерге тек «жасыл» мәртебесі барлар ғана шектеусіз кіре алады.



Jańalyqtar

MURAǴAT