Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 377.62 EUR 426.03
RUB 5.67 CNY 55.78
Jańalyqtar

СҚО-да кейбір кәсіпорындар екі жылдан бері жалақы төлемеген

2018 жылғы 14 ақпан 08:27 141
Бөлісіңіз:
СҚО-да кейбір кәсіпорындар екі жылдан бері жалақы төлемеген

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы 2017 жылдың қорытындыларын шығарды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда 130 мыңға жуық жұмыс беруші қызметкерлерінің жалақысын көтереді Елордалықтардың орташа жалақысы қалай есептеледі

«Облыс аумағында екі жылдан астам уақыттан бері жалақы төлеу бойынша қарызын өтемей келе жатқан екі кәсіпорын бар. Жамбыл ауданындағы «Қайранкөл Астық» ЖШС 35 жұмысшысына 13,3 миллион теңге қарыз, ал «Николаевское ХПП» ЖШС 25 жұмысшыға 2,6 миллион теңге төлеуі тиіс», - дейді ведомствоның басшысы Қайрат Пішенбаев.

Оның сөзіне қарағанда, 2017 жылы жалақының дер кезінде берілуі бойынша 25 ұйымда жүргізілген тексерістер кезінде олардың жалпы 332,7 миллион теңге қарызы бар екені анықталған. Жалақыдан қарызы бар ұйымдар әкімшілік жауапқа тартылып, жалпы 6,2 миллион теңге айыппұл салынды.

Өңірде 2017 жылы 53 өндірістік жазатайым оқиға болып, 56 адам зардап шеккен, ал 9 адамның өмірі қиылған.

Еңбекті қорғау қауіпсіздігі саласында жұмысшыларды оқытуды ұйымдастыру, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау бойынша ережебұзушылықтар жиі кездеседі.

«Жұмыс берушілерге жалпы 311 ескерту берілді, 179 лауазымды және заңды тұлға әкімшілік жауапқа тартылып, жалпы 31 миллион теңге мөлшерінде айыппұл салынды», - дейді Қ. Пішенбаев.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
MURAǴAT