СҚО-да қазақ күресінен республикалық турнир мәреге жетті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында ақын, жырау, қолбасшы Қожаберген Толыбайұлы атындағы қазақ күресінен өткен дәстүрлі республикалық турнирдің жеңімпаздары белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлда өткен Қожаберген жырау атындағы республикалық турнирге еліміздің тоғыз қаласынан 200-ге жуық балуан және Солтүстік Қазақстаннан 10 команда қатысты. Бұл жолы жарыс тоғыз салмақ дәрежесінде, 16-17 жастағы бозбалалар арасында өтті.

Екі күнге шақталған турнир нәтижесі бойынша, 46 және 50 келі салмақ дәрежесінде СҚО БЖСМ тәрбиеленушілері Дмитрий Динер мен Руслан Ильбисинов чемпион атанды. Тағы бір солтүстікқазақстандық балуан Әділет Әнуарбек 60 келіде алтыннан алқа тақты.

Нұр-Сұлтаннан келген Мерей Әбдікешев 55 келіде, Самат Серікбай 82 келі салмақ дәрежесінде үздік атанды.

Шығыс Қазақстанның жас балуандары Нұржан Мэлсов 76 келіде «алтын» алса, жерлесі Мейіржан Беріков 82 келіде өз мықтылығын дәлелдеді.

Ақтөбелік Бекарыс Базарбаев 65 келі салмақта чемпион атанды.


Соңғы жаңалықтар