СҚО-да кәсіпкерлік және туризм басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтановтың өкімімен СҚО кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы болып Керімбек Айдын Жанұзақұлы тағайындалды.

Бұл туралы аймақ басшысынгың баспасөз қызметінен хабарлайды.

Айдын Керімбек 1984 жылы дүниеге келген. Жоғары білімді: Қазақ гуманитарлық-заң университетін, Нотимгем университетін (Ұлыбритания) тәмамдаған. Халықаралық құқық саласының маманы, мемлекеттік саясат және басқару магистрі.

Еңбек жолын 2004 жылы Алматыдағы ЖСШ-де заң және кадрлық жұмыс бөлімінің бастығы ретінде бастаған.

2006-2008 жылдар аралығында Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заң департаментінің жетекші маманы болып қызмет атқарды.

2008-2011 жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігінің әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің сарапшысы, басқарма бастығы, директоры лауазымында еңбек етті.

2011 жылдың сәуір айынан бастап осы тағайындауға дейін республикалық бюджеттің орындалуын қадағалау бойынша есеп комитетінің әкімшілік-қаржылық бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.

Соңғы жаңалықтар