+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

СҚО-да кәсіпкерлерге сүт фермасын ашуға жеңілдетілген несие беріледі

2019 жылғы 23 желтоқсан 20:55
Бөлісіңіз:
СҚО-да кәсіпкерлерге сүт фермасын ашуға жеңілдетілген несие беріледі

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында келер жылы 10 сүт фермасы салынады, нәтижесінде қосымша 300-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сапархан Омаров көктемгі егіс науқанын қаржыландыру жұмыстары туралы айтты Кәсіпкерлер несиесін 90 күнге дейін төлемей, кейінге шегеруге мүмкіндік алды Банкте кредиті және ломбардта қарызы бар азаматтарға қандай жеңілдіктер жасалады

Биыл СҚО белгіленген межені артығымен орындап, 630 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімін шығарды. Бұл осыдан үш жылғы көрсеткіштен 1,5 есе артық. Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың пікірінше, ауыл шаруашылығы саласын әртараптандыру, дәнді дақылдардың жаңа түрлерін егу, сүт фермаларын көптеп салу – өз нәтижесін беріп жатыр.

Тек биыл өңірде 3 цифрлы сүт фермасы пайдалануға берілді. Алдағы жылы олардың қатарына тағы оны қосылады. Қазір Қызылжар, М.Жұмабаев, Айыртау аудандарында екеуден салынып жатса, Ғ.Мүсірепов ауданында біреуінің құрылысы басталды. «Қызылжар-Сүт» ЖШС сүт кешені 720 басқа арналған. Кәсіпкер нысанның құрылысына 2,1 млрд теңге жұмсайды. Бүгінге дейін қора-қопсы салынды, қазір қондырғыларды орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Австриядан 360 тайынша әкелінеді деп жоспарланған. Келер жылы маусым айында іске қосылатын фермада қосымша 35 жұмыс орны ашылмақшы.

«Сүт фермалары өңірде көптеп ашылуы керек. Нәтижесінде тұрақты жұмыс орындары ашылады. Тұрғындар жыл бойы жұмыспен қамтылады. Тағы бір тиімді тұсы – сүт өндірісімен бірге жемшөп базасы да дамиды», - дейді Құмар Ақсақалов.

СҚО-да мал шаруашылығына қатысты жобаларды жүзеге асыратындарға келер жылдан бастап жеңілдетілген несие берілмекші.

«Шаруашылықтардың шығынын азайту мақсатында келер жылдан бастап төмен пайызбен несие береміз. Қайтару мерзімі де кәсіпкерлерге ыңғайлы болмақ. Осы мақсатқа бюджеттен 1 млрд 800 млн теңге бөлдік. Ауылдарда мәселен, сүт фермаларын ашатын болса 200 млн-нан 250 млн теңгеге дейін береміз», - дейді өңір басшысы Құмар Ақсақалов.

Елді мекендерде сүт фермаларының ашылуымен 300-ден астам тұрақты жұмыс орны пайда болмақ.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT