+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

СҚО-да қарттар үйінің бухгалтері 10 млн артық теңгені жымқырған

2021 жылғы 15 сәуір 12:13
Бөлісіңіз:
СҚО-да қарттар үйінің бухгалтері 10 млн артық теңгені жымқырған

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы «Смирнов» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының бухгалтері 10 млн теңгеден артық мемлекет қаржысын қалтасына басқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО-да жол-көлік оқиғасынан екі адам қаза тапты Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысына қатысты сот үкімі шықты СҚО-да 100 литрден астам заңсыз алкоголь саудадан алынды

СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жетекшісі Жарқын Ғалымов «Смирнов» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының бухгалтері А.Е. Сәрсембаеваға қатысты қылмыстық істің мән-жайын айтты.

Сотқа дейінгі тергеу барысында Сәрсембаева 2017 жылдың қаңтарынан бастап 2020 жылдың қазан айына дейін қызметтік лауазымын пайдалана отыра мемлекет қаржысын жымқырған. Ол арам ойын іске асыру үшін «Казначейство-Клиент» бағдарламасын пайдаланып, бос орындар есебінен үнемделген қаржыдан өзіне заңсыз еңбекақы, сыйақы жазып отырған. Сәрсембаева орталық жетекшісі А.Б.Сембаеваның сеніміне кіріп, оның электронды-цифрлық қолтаңбасын алып алған. Осылайша тиісті бухгалтерлік құжаттарға қол қойып отырған.

3 жыл 8 айдың ішінде Сәрсембаева өзінің банк карточкасына 10 млн 371 мың 857 теңгені заңсыз аударып, мемлекетке шығын келтірген.

Сот 25 наурыз күні Сәрсембаеваны кінәлі деп тауып, пробациялық бақылаумен 5 жылға бостандығын шектеді. Сондай-ақ 5 жыл бойы ол мемлекеттік қызметте, жергілікті басқару органдарында, квазимемлекеттік сектордың субъектілерінде қаржымен байланысты қызметтерде жұмыс істей алмайды.

10 сәуір күні сот үкімі заңды күшіне енді.

«Сәрсембаеваның көп жыл бойы мемлекет қаржысын қалтасына басуына Сембаеваның электронды-цифрлық қолтаңбаны заңсыз беруі себеп болған. Осылайша орталық жетекшісі лауазымдық міндеттерін орындауда салақтық танытқан.

Ал 2018 жылы 19 ақпан мен 16 наурыз аралығында Смирнов әлеуметтік қызмет көрсету орталығын СҚО бойынша ревизиялық комиссия тексерген. Мемлекеттік аудитор Сәрсембаева бас бухгалтер болып тұрған аралықты – 2015 жылдың 1 қарашасынан 2017 жылдың 31 желтоқсанына дейін тексерген. Бірақ бюджет қаражатын ұрлауға байланысты деректерді анықтамаған», - дейді Жарқын Ғалымов.

СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі орталықты тексеруге НАК «Көкше-Консалтинг» ЖШС тартып, жеке аудиторлық компания А.Е. Сарсембаеваның өзіне негізсіз 10 млн артық теңгені аударғанын анықтады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT