+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

СҚО-да карантин шектеулері жеңілдетілді

2021 жылғы 25 ақпан 22:08
Бөлісіңіз:
СҚО-да карантин шектеулері жеңілдетілді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында бас мемлекеттік санитар дәрігердің жаңа қаулысы шығып, карантин шектеулері жеңілдетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мектептерде жаңажылдық іс-шаралар өткізілмейді – Білім министрлігі Алматыда коронавирус жұқтырған 40 науқас жансақтау бөлімінде жатыр Өзбекстан билігі ел тұрғындарын Жаңа жылды отбасы мүшелерімен ғана қарсы алуға шақырды

СҚО бас мемлекеттік санитар дәрігер Әсет Жұматаевтың жаңа қаулысына сәйкес, енді мешіттерде бес мезгіл намаз оқуға рұқсат бар. Алайда сыйымдылығын 30 %-дан, келушілер санын 100-ден асырмаулары қажет. Ал жұма намазын тек ауылдық жерлерде ғана, адам санын 30-дан асырмай өткізуге болады.

Мәдени нысандардың жұмысына рұқсат берілді, алайда топтағы адам саны 50-ден аспауы қажет. Кітапхана, музейлер ашылады.

Сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, сауда үйлері сағат 10.00-ден 24.00-ге дейін жұмыс істейді.

Түрлі базарлар жексенбіден басқа күндері сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін ашылады. Бірақ сауда орындары келушілер санын 30 %-дан асырмай, 4 шаршы метрде 1 адамның болуын қадағалауы қажет.

Балаларға арналған түрлі орталықтардың, кабинеттердің жұмысы жанданады.

Бассейндерде жеке адаммен жұмыс істеуге рұқсат берілді.

Қоғамдық моншалар, сауналар сағат 9.00-ден 24.00-ге дейін адам санын 50-ден асырмай, 4 шаршы метрде 1 адамның болуын қадағалай отырып жұмыс істейді.

Қоғамдық тамақтану орындарына сағат 7.00-ден 24.00-ге дейін санитарлық талаптарды сақтай отырып, яғни келушілердің санын асырмай жұмыс істеуге рұқсат берілді. Ұжымдық, көңіл көтеру іс-шараларын өткізуге әлі де тыйым бар.

Театрлар сағат 9.00-ден 24.00-ге ашылады. Алайда келушілер санын 30%-дан асырмаулары қажет. Көрермендерін шахматтық тәртіппен отырғызуға міндетті.

СҚО-ның бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы 28 ақпан сағат 00.00-ден күшіне енеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT