СҚО-да карантинді сақтамаған 66 адам Ashyq арқылы анықталып, айыппұл төледі

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында Ashyq қосымшасының көмегімен үй карантинін сақтамаған 66 адамға 2 млн 800 мың теңгеге жуық айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлда ПТР-тестің оң нәтижесі бар адамдардың карантин режимін бұзу жағдайлары жиілеп кеткен. «Қызыл» және «сары» мәртебесі бар тұрғындар қоғамдық орындарға барады, ал Ashyq бірден оларды тіркейді. Covid-19-ға ПТР-тестің оң нәтижесі барлар және ауырғандармен байланыста болғандар 14 күн бойы үй карантинінде отыруға міндетті.

«Карантиннің бітуін күтпейтіндер бар, Ashyq-қа талапты бұзушы ретінде тіркеліп қалғандардың басым бөлігі карантиннің 14-інші күнінде қоғамдық орынға келгендер. Естеріңізге саламыз, карантин ПТР-тестің оң нәтижесі алынғаннан кейін ғана басталады және ол 14 күнге созылады. Адамдардың басым бөлігі базарларға, сауда орындары мен дүкендерге, халыққа қызмет көрсету орталықтарына барған. Бұдан басқа «қызыл» және «сары» мәртебесі бар кейбіреулер, өздерінің айтуынша, үйде отырып Ashyq-тың жұмысын тексермек болған. Олар таныс-туыстарын қоғамдық орындарда QR-кодты түсіріп, фотосын жіберуді сұраған. Ал үйде ешқайда шықпай ол кодты сканерлейді немесе өз гаджеттерін басқаларға пайдалануға береді. Ashyq жүйесі адамның мәртебесін автоматты түрде анықтайды, сондықтан үйде отырып QR-кодты сканерлесеңіз де сіз талапты бұзушы ретінде жүйеде тіркеліп қаласыз. Бірден әкімшілік іс қозғалады, ал сіз үйден шықпағаныңызды дәлелдей алмайсыз», - дейді санитар дәрігерлер.

Елімізде карантиндік шектеулерді бұзғандарға 30 АЕК – 87 510 теңге айыппұл қарастырылған. «сары» мәртебесі барлар бірінші рет ескертіледі. Жалпы облыста Ashyq қосымшасының көмегімен үй карантинін бұзған 66 адам анықталып, оларға 2 млн
Соңғы жаңалықтар