СҚО-да карантин талаптарын бұзғандарға 46 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында мониторинг топтар жыл басынан 3 мыңнан астам рейд жүргізіп, 21 мыңға жуық нысанды тексеріспен қамтыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Татьяна Горлованың айтуынша, өңірде соңғы аптада коронавирусты жұқтыру жағдайлары бәсеңдеген, 1117-ден 759-ға дейін, яғни 32 %-ға азайып отыр. Десек те, облыс әлі күнге «қызыл» аймақта.

Карантиндік және шектеу шараларының сақталуын мониторингтік топтар бақылауға алған. Қазір өңірде осындай 23 топ бар. Олар жыл басынан осы күнге дейін 3017 рейд өткізген, нәтижесінде 20 704 нысан тексерілді. 641 нысанда – 3,1 %-ында санитариялық талаптардың бұзылғандығы анықталды.

«Жеке тұлғалардың маска режимін бұзуы, бұқаралық іс-шараларды өткізу, дезинфекциялық режимді сақтамау, келушілерге маскасыз қызмет көрсету, нысандардың жұмыс уақытын сақтамауы, өнімді ашық, оралмаған күйінде сату – бұл жиі анықталатын фактілер. Ішкі істер органдарының материалдары және үйлестіру орталықтарының хабарламасы негізінде 674 әкімшілік хаттама толтырылды. 45 млн 683 мың теңгенің 642 айыппұлы салынды. Заң алдында жауап бергендердің екеуі – лауазымды тұлға, 6 – заңды тұлға, 30 – жеке кәсіпкер, 604 – жеке тұлға. 16 іс сотқа жолданды», - дейді Татьяна Горлова.

Іс-шараларды ұйымдастырған әкімгерлерге, жауапты тұлғаларға - 42, той иелеріне 20 айыппұл салынды.


Соңғы жаңалықтар