СҚО-да қар құрсауында қалып қойған 52 адам қауіпсіз жерге көшірілді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні қыс солтүстікқазақстандықтарға «қоштасу тосын сыйын» жеткізді. Бұл күні облыстың екі ауданында жаяу борасын болып, соның салдарынан жергілікті маңызы бар көлік жолдарында күртік қар пайда болған. Бұл туралы СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.

«Соның салдарынан ішінде 52 адам отырған 17 көлік (негізінен, жеңіл көліктер) қар құрсауында қалып қойды. Барлық жағдайларда аудандық жедел әрекет ету жасақтары, жол қызметтері, әкімдіктердің бірлесе күш салуымен жолдар тазартылып, адамдар күртік қардан шығарылды», - делінген хабарламада.

Адамдардың қаза табуы мен үсік шалу оқиғалары тіркелген жоқ.

Соңғы жаңалықтар