СҚО-да қар құрсауында қалып қойған 25 адам құтқарылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Өткен жексенбіде Солтүстік Қазақстанда бұрқасын салдарынан 7 жеңіл көлік пен бір жолаушылар автобусы қар құрсауында қалып қойды.

Бұл туралы СҚО ТЖД-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.

«Айыртау және Жамбыл аудандарының жергілікті жолдарында ішінде 13 жолаушысы бар 7 жеңіл көлік қар құрсауында қалып қойса, Тайынша ауданында «Көкшетау-Мәдениет» бағытымен келе жатқан ішінде 12 жолаушы (соның ішінде 2 бала) отырған жолаушылар автобусы қолайсыз ауа райының тұтқынына айналған. Барлық жағдайларда жедел елеу шаралары қолданылып, жергілікті атқарушы органдардың күшімен жолдар тазартылды, ішінде адамдар болған көлік құралдары қардан шығарылды», - делінген хабарламада.

Ешкім зардап шеккен жоқ.

Дүйсенбіде ауа райының қолайсыздығы - қар, бұрқасын және жолдың нашар көрінуіне байланысты «Петропавл-Астана» (341-473 км), «Көкшетау-Рузаевка» (61-192 км) күре жолдарының учаскелерінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.

Соңғы жаңалықтар