СҚО-да қар аралас жаңбыр жауады

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында алдағы екі тәулікте сынап бағанасы 0 градусқа дейін жоғарылап, қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО төтенше жағдайлар департаменті «Darmen» қосымшасы арқылы 4 қаңтардағы ауа райына байланысты ескерту жариялады. Өңірдің басым бөлігінде бұл күні жаңбыр және қар жаумақ. Облыстың батыс, солтүстік және оңтүстігінде боран, тұман және көктайғақ болады деп күтілуде. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетпек.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, бүгін-ертең осындай жылы ауа райы сақталмақ. Мәселен, бүгін түнде ауа температурасы -9-14 градус болса, күндіз -1-6 градусқа дейін жоғарыламақ. 4 қаңтарда синоптиктердің болжамынша 0;-5 градус аралығында сақталады. Ал 5 қаңтарда түнде -20-25, облыстың шығысында -28 градусқа дейін суытып, күндіз -10-15 және шығысында -18 градус болады.


Соңғы жаңалықтар